×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Қазақстанда 32 градусқа дейін күн жылынады

Бүгін, 13:54
Қазақстанда 32 градусқа дейін күн жылынады
Ашық дереккөз

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн жылы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі.

Қазақстанның батысында күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Таулы аймақтарда кей уақытта нөсер жаңбыр жаууы мүмкін.

Елдің оңтүстігінде күн жылы болады.

Күндіз ауа температурасы:

  • солтүстікте - +17…+25 °C;

  • орталық және батыс өңірлерде - +20…+28 °C;

  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста - +27…+32 °C болады.