×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстанда төлем карталары бойынша ақша аудару ережелері қатаңдатылады

06.11.2023, 17:19
фото: ашық дереккөзден

Елімізде төлем карточкаларын шығару қағидалары және оларды Қазақстан аумағында пайдалана отырып, операцияларға қызмет көрсету талаптары өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк енгізген жаңа ережелер 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

Енді банктер төлем карточкасын пайдалана отырып ақша аудару бойынша төлем қызметтерін көрсеткенге дейін:

  • үшінші тұлғалар алаяқтық әрекеттерге баруы мүмкін екенін;
  • үшінші тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік, құқық қорғау органдарының немесе банктердің қызметкерлері ұсынатын адамдардың ықпалымен (өтініші бойынша) ақша аударуды жүзеге асыруға байланысты болуы мүмкін тәуекелдер;
  • ақша алушының бастамасы (шешімі бойынша) не сот шешімі бойынша операцияның күшін жою және ақшаны қайтару мүмкіндіктері жайлы ескертуі керек.

Микроқаржы ұйымдары клиенттерге төлем карточкаларына микрокредитті қарыз алушының кредит сомасы аударылатын жеке арнайы корпоративтік төлем карточкасына жіберуі керек.

Бұдан бөлек, банк электрондық банк қызметтерін көрсеткен кезде рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарына қарсы іс-қимыл процесін автоматтандыратын жүйені немесе бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалануы тиіс.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда балалардың банк картасын пайдалану ережесі қатаңдатылатыны хабарланған.

Ұлттық банк кәмелетке толмаған ел азаматтарының шетелде және Қазақстан аумағында пайдалана алатын ең жоғары сомасын анықтады. Қазақстанда бұл сома 100 мың теңгені, шетелде 500 000 теңгені құрайды. Банкоматтардан балалар күніне 10 мың теңге ғана ала алады. Бұл ретте кәмелетке толмағандардың картасын олардың заңды өкілдері ғана толықтыра алады. Олар балаларға қандай карта операциялары қолжетімді болатынын анықтайды.

Серіктес жаңалықтары