×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қаржы министрлігі «ҚазМұнайГаз» акционері болды: қазынадан қанша қаржы жұмсалды

07.11.2023, 08:16
Қаржы министрлігі «ҚазМұнайГаз» акционері болды: қазынадан қанша қаржы жұмсалды

Қазақстанның Қаржы министрлігі "ҚазМұнайГаз" ұлттық мұнай компаниясының 7,69% үлесін иемденгені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келісім туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) жариялаған құжатта жазылған. Онда мәміле қазан айының соңында жасалғаны, ал Қаржы министрлігі акцияларды "Самұрық-Қазына" қорынан бюджеттен бөлінген 500 млрд теңгеге сатып алғаны көрсетілген. Министрлік 46 932 270 дана ҚМГ бағалы қағаздарын сатып алып, әрқайсысына 10 653,65 теңге төледі.

Бұл ретте, барлық ақшалай формальдылықтар реттелгеннен кейін мұнай компаниясындағы мемлекеттік қордың үлесі 87,42%-дан 79,73%-ға дейін төмендеді.

Енді мұнай компаниясының ірі акционерлері – "Самұрық-Қазына" қоры (79,73%.), Ұлттық банк (9,58%) және Қаржы министрлігі (7,69%).

Айта кетейік, бұдан бұрын "Қазақтелеком" АҚ  2022 жылғы бөлінбеген пайдадан дивидендтер төлеуге 33,4 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдағаны хабарланған. Бұл соманың көп бөлігі "Самұрық-Қазына" АҚ акционерлеріне беріледі.