×
498.51
522.84
4.81
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.51
522.84
4.81

«Жан-жақтан талағаннан кейін шыдай алмаған»: Балаева Оқаповтың орденнен бас тартуы жайлы

08.11.2023, 10:54
«Жан-жақтан талағаннан кейін шыдай алмаған»: Балаева Оқаповтың орденнен бас тартуы жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева белгілі әнші Әли Оқаповтың "Құрмет" орденін мемлекетке қайтаруып беруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әли Оқапов өзінің бейнеүндеуін жариялағаннан кейін мен министр ретінде ол кісімен сөйлестім. Ол кісі шығармашылық адамы болғандықтан, жұрт жан-жақтан талағаннан кейін эмоцияға берілгенін айтты. Өз еңбегімді жоққа шығарып, анасының арқасында марапат алды дегеннен кейін шыдай алмағанын жеткізді. Қазір ешқандай мәселе жоғын, бәрі дұрыс екенін айтты. Орден әншінің өзінде қалады”, – деді министр.

Еске салайық, Республика күніне орай елімізде бір топ өнер иелері ордендермен және атақтармен марапатталды. Олардың арасында "Құрмет” орденін алған Әли Оқапов та бар. Алайда қазақстандықтар әртістің осындай жоғары марапатқа лайық екендігіне дау айта бастады.

Мәселен, экс-депутат, қоғам қайраткері Тәңірберген Бердіоңғаров оның орденмен марапатталуын – еңбегінің жемісі емес, бұқаралық жарнама деп бағалады.

Қоғамдық шудан кейін Әли Оқапов желіде бейнеүндеу жариялап, “Құрмет” орденінен ғана емес, осы күнге дейін алған барлық марапаттарынан бас тартатынын мәлімдеді.