×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстанда ет арзандай ма

08.11.2023, 11:15
фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта Қазақстанда сиыр етінің келісі 2,5 мың теңгеден 4 мың теңгеге дейін сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистер Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан Қазақстанда ет бағасы қалай құбылатынын сұрады.

"Сиыр етінің бағасы – 2,5 мыңнан 4 мың теңгеге дейін. Бағалар негізінен әртүрлі және аймақтарға байланысты ерекшеленеді. Супермаркетте оралған ет бар, ол тиісінше қымбатқа түседі. Жәрмеңкелер мен базарларда арзанырақ. Жалпы, егер мал саны көбейсе, онда, әрине, ұсыныс та көбейеді. Бірақ инфляцияны, жемнің қымбаттауын да ескеру керек", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Айдарбек Сапаров Қазақстанда ет бағасы төмендеп бара жатқанын айтқан.

"Сиыр етінің орташа бағасы – 2 485 теңге. Баға, керісінше, төмендеп жатыр, бүгін шаруалар тіпті етті қайда сататынын білмейді. Сондықтан біз қазір квотаны көбейтуді ойластырып жатырмыз. Қазір бізде 60 мың бас, мүмкін, биыл фермерлерді қолдау үшін ұлғайтатын шығармыз", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары