×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Маңғыстаулықтарды 212 млн теңгеге алдаған компания басшысы Түркияда ұсталды

08.11.2023, 14:29
Маңғыстаулықтарды 212 млн теңгеге алдаған компания басшысы Түркияда ұсталды
polisia.kz

Түркия аумағында Маңғыстау облысының полиция департаменті іздеу жариялаған 32 жастағы қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІІМ мәліметінше, ол облыс тұрғындарын қаржы пирамидасына тартқаны үшін іздестірілді және «Oceans Enterprise» компаниясының атынан әрекет ететін алаяқтық топтың ұйымдастырушыларының бірі болды.

“Алаяқтар әлеуметтік желілерде салымшыларды тарту үшін Smart Trade Сoin деп аталатын криптовалютаны сатып алу арқылы жылдам ақша табу мүмкіндігі туралы ақпаратты таратумен айналысты”, - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу барысында 60-тан астам жәбірленушіден өтініш түсті. Алданған азаматтарға келтірілген шығын көлемі – 212 млн теңге.

Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің көмегімен ол Астана қаласына жеткізіліп, қамауға алынды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Түркиядан 1 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілініп, 9 жыл іздеуде болған қазақстандық  экстрадицияланған.