×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Санкцияға ілінбегендері көп: Әбілқасымова Қазақстан мен Ресей банктері арасындағы төлемдер жайлы

09.11.2023, 12:22
Санкцияға ілінбегендері көп: Әбілқасымова Қазақстан мен Ресей банктері арасындағы төлемдер жайлы
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ресей мен Қазақстанның коммерциялық банктері арасында корреспонденттік шоттар ашуға жәрдемдесу үшін тұрақты негізде жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік басшысы Мәдина Әбілқасымова банк секторындағы Ресей мен Қазақстан арасындағы ықтимал келісімдерге түсініктеме берді.

"Біз елдер арасындағы үлкен сауда айналымын ескере отырып, банктер арасында төлемдер үздіксіз жүргізілуі және олардың жеке, заңды тұлғалар арасында қызмет көрсетуі өте маңызды деп есептейміз.

Ол үшін Ресей Федерациясының Орталық банкінде санкциялық емес ресейлік банктерде корреспонденттік шоттар ашу бойынша жұмыс жолға қойылған. Өткен жылдан бастап Ресей банктерінде қазақстандық банктердің көптеген жаңа шоттары ашылды. Сондай-ақ, ресейлік банктер біздің банктерде шоттар ашты. Төлемдердің оң динамикасы бар", - деді ол.

Әбілқасымова Ресейде санкцияларға ұшырамаған банктер көп екенін атап өтті.

"Біз екі елдің коммерциялық банктері арасында корреспонденттік шоттар ашуға жәрдемдесу бағытында үнемі жұмыс жүргіземіз. Қазір Қазақстанда Ресей Федерациясынан бір ғана банк жұмыс істейді – ВТБ банк", - деді ол.

Айта кетейік, бұдан бұрын Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңында Ұлыбритания Ресейге қарсы санкциялар салғаны белгілі болды. Санкцияларға 29 жеке және заңды тұлға, сондай-ақ Ресейге алтын сатудан түскен кірісті жеткізген БАӘ компаниясы ілінді.