×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Ресей Қазақстанға 3 жылу электр орталығын салып береді

09.11.2023, 15:34
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Ресейдің XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин екі елдің бірлескен жобалары туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жұманғарин екіжақты қарым-қатынасты одан ары дамыту бағыттарын талқылау мақсатында осы жылдың 31 қазанында үкіметаралық комиссия отырысы өткенін атап өтті.

«Бірқатар мәселе қарастырылды. Мәселен, Ресейден ағаш материалдарын жеткізу. Жылдың соңына дейін елімізге кесілген ағаштарды жеткізу үшін Қазақстан-Ресей шекарасында қосымша темір жол өткізу пункттерін ашу мәмелесі пысықталады», - деді ол.

Бұдан бөлек, Қазақстанның темір кені шикізатын ай сайын тасымалдау мәселесі де қарастырылмақ.

«Ресей тарапы Қазақстанда 3 жыл электр орталығы жобасын жүзеге асыруға қатысады. Тиісті құжатқа бүгін қол қоямыз. Елдер арасындағы әуе байланысын да кеңейтеміз. Атап айтқанда, Новосібір мен Челябіге QAZAQ AIR әуе рейстерінің санын арттыруды келісеміз», - деді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, “Казахстанская правда” басылымына берген сұхбатында Ресей президенті Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, "Росатом" мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, ең озық технологияларды пайдалана отырып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл Қазақстан экономикасының энергиямен қамтамасыз етілуін арттырады, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді.

Қазақстан президенті АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалайтынын, алайда түпкілікті шешім референдумда қабылданатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары