×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Түпкі шешім референдумда қабылданады – Тоқаев Путиннің АЭС салып беру ұсынысы жайлы

08.11.2023, 09:25
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейлік БАҚ-қа сұхбат берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі АЭС құрылысы жөнінде айтып өткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Елімізде АЭС салуға қатысты түрлі пікір айтылып жүр. Бір жағынан, Қазақстанның атом энергетикасын дамыту әлеуеті мол. Еліміз табиғи уран өндіру көлемі жөнінен әлемде бірінші орын алады. Сондай-ақ ядролық отын компоненттерін өз елімізде өндіреміз және уранды изотопты байыту жөніндегі қызметтерге қол жеткізе аламыз. Үлбі металлургия зауытының базасында Қытайдың атом электр станциялары үшін дайын ядролық отын шығарылады, – дейді президент.

Тоқаев е​​​​кінші жағынан, көптеген азаматтар мен сарапшылар атом станциясының қауіпсіздігіне күмән келтіретінін атап өтеді. Семей ядролық сынақ полигонының ауыр қасіретін ескерсек, мұны түсінуге болатынын жеткізеді.

– Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесінде Ресей тарапының жәрдем беру ұсынысын жоғары бағалаймыз. Әйтсе де АЭС құрылысы жөніндегі түпкілікті шешім референдум қорытындысы бойынша қабылданады, – делінген сұхбатта.

Айта кетейік, “Казахстанская правда” басылымына берген сұхбатында Ресей президенті Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылданатын болса, "Росатом" мемлекеттік корпорациясы ең жоғары экологиялық талаптар мен қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, ең озық технологияларды пайдалана отырып, тиісті жобаны әзірлеуге дайын екенін мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл Қазақстан экономикасының энергиямен қамтамасыз етілуін арттырады, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қуатты серпін береді.

Серіктес жаңалықтары