×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Абай облысындағы 14 орманшының өлімі: Бас прокуратура резонансты істі сотқа жолдады

10.11.2023, 14:43
Абай облысындағы 14 орманшының өлімі: Бас прокуратура резонансты істі сотқа жолдады
Фото: Ашық дереккөзден

Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, істің 27 қазанда сотқа жолданғанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртенген еді. Өртпен 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болған.

– Тергеп-тексеру барысында өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болғаны анықталды. Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады. Өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамаған, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген, нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққан, – делінген хабарламада.

«Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Экология және табиғи ресурстар және төтенше жағдайлар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекетсіздік дерегімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Мамандардың қорытындылары алынғаннан соң барлық лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев 14 орманшыдан бөлек, тракторшы Сергей Архиповтың денесі мен тракторы өрт болған аумақтан басқа жерде табылғанын хабарлаған еді. “Ол өрт салдарынан қаза болмаған” деді Өмірәлиев Мәжіліс кулуарында.