×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Астанада Жанәбіловтерге қатысты кезекті сот отырысы басталды

16.03.2026, 16:42
Астанада Жанәбіловтерге қатысты кезекті сот отырысы басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада блогер Ерболат Жанәбілов пен әйелі Эльмира Төлегеноваңа қатысты негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот өтінішхат түсіруден басталды. Айыпталушылардың адвокаты куәгерлер мен тергеушілерден жауап алуды талап етті. Судья адвокаттың тергеушілерден жауап алу туралы өтінімхатын ашық қалдырып, куәгерлерден жауап алуды ішінара қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта ұтыс барабанын әзірлеушіден жауап алынып жатыр. Ол өзіне 10 млн уәде етілгенін, бірақ қолына 7-8 млн алғанын айтты. Айыпталушылар өз кінәларын мойындау туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.

КОНТЕКСТ 

Тергеу амалдарына сай, Instagram әлеуметтік желісінде (15 миллионнан астам жазылушысы бар) көп миллиондық аудиторияға ие ерлі-зайыпты өз жазылушыларының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған. 2025 жылы олар онлайн-курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Аталған «курстарды» сатып алудың негізгі себебі – қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған.

Серіктес жаңалықтары