×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Радикализмнен шаршаған: Сирияда соғысқан қазақстандық елге оралды

11.11.2023, 08:22
Радикализмнен шаршаған: Сирияда соғысқан қазақстандық елге оралды

10 қарашада ҰҚК қызметкерлері Түркиядан Қазақстанға 2013 жылдан бері лаңкестік топтардың құрамында Сирияда жүрген Қазақстан азаматын жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ол радикалды идеялардан түңіліп, террористік әрекеттерден өз еркімен бас тартып, Түркияға көшіп, отанына оралу үшін билікке бағыну жөнінде шешім қабылдағаны белгілі. Ол өзінің іс-әрекетімен басқа содырларға лаңкестік аймақтарда бұдан әрі жүрудің бекер екенін көрсеткісі келді», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазақстанда ер адам қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында өз еркімен берілу фактісі ескеріледі.

2023 жылдың маусым айының басында Сириядан республикаға төрт баласы бар қазақстандық әйел әкелінген еді. Бұған дейін ол жерден бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылған болатын.