×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Тоқаев Анджей Дуданы Польшаның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.11.2023, 11:02

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Польша президенті Анджей Дудаға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жеделхатта Польшаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтаулар жазылған.

«Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда және азаматтардың жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуде үлкен жетістіктерге жетті. Еліңіздің әлемдік аренадағы беделі нығайып, халықтың әл-ауқаты одан әрі арта түсетініне сенімдімін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі ретінде қарастырамыз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынасымызды тереңдетуге ерекше мән береміз», - делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Польшада экологтар елдегі алғашқы атом электр стансасын салуға рұқсат берген.

Серіктес жаңалықтары