×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстаннан алғашқы туристер Қытайға визасыз рейспен ұшты

11.11.2023, 13:48
Қазақстаннан алғашқы туристер Қытайға визасыз рейспен ұшты

Алматы-Үрімші рейсімен жұма күні түнгі сағат бірде Қазақстанның 16 азаматы ұшты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстаннан Қытайға ұшақпен бару үшін тек әуе билеті мен төлқұжат қажет. Осының арқасында жолаушылар ағыны артады. Үрімжідегі Дивопу халықаралық әуежайының хабарлауынша, Қазақстаннан Үрімжіге халықаралық рейстердің максималды тәуліктік саны енді алтыға жетеді.

Сондай-ақ таяуда Үрімжіден Алматыға халықаралық автомобиль жолаушылар тасымалы бағыты іске қосылған. ШҰАР көлік басқармасының мәліметінше, бұл бағыт Қорғас (Қытай) және Нұр жолы (Қазақстан) өткізу пункттері арқылы және Дулата (Қытай) және Көлжат (Қазақстан) өткізу пункттері арқылы діттеген жеріне жетеді. Бағдардың жалпы ұзындығы шамамен 1150 шақырымды құрайды, ал жолаушыларды тасымалдауға кететін уақыт шамамен 12 сағат.

Шыңжаңда да халықаралық автомобиль жолаушылар тасымалының төрт бағыты ашылады, олар Үрімжі қаласынан Қытай-Қазақстан шекарасындағы «Қорғас», «Бақты» және «Зымунай» өткізу бекеттері арқылы Қазақстан қалаларына шығады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим 10 қарашадан бастап күшіне енді. Құжат белгіленбеген мерзімге дейін жасалды.

Енді Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру және көрші мемлекеттің аумағында 30 күннен аспайтын немесе 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнге дейін болу үшін алдымен визасыз жүре алады.

Қазақстан азаматтары үшін төлқұжат, Қазақстан Республикасына қайту туралы куәлік болса жеткілікті. Қытай азаматтары үшін – жартылай ресми төлқұжат, тұрақты төлқұжат, уақытша жол жүру құжаты.