×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Жетісу өңірінде бір ауылдың балалары көрші елді мекенде оқуға мәжбүр

12.11.2023, 09:16

Қаратал ауылының орта буынның жүзден астам баласы көршілес елді мекендерде білім алса, одан кіші оқушылар тиісті жағдайы жоқ бейімделген ғимаратта оқып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаратал ауылындағы бастауыш мектеп ғимаратының салынғанына жарты ғасырдан асқанымен, содан бері мұнда бірде-бір рет күрделі жөндеу жүргізілмеген. Мектеп қатты отынмен жылытылады, тәулігіне 40 келіге дейін, қатты аязда 200 келіге дейін көмір жағылады. Оқу кабинеттерінің жетіспеушілігіне байланысты балалар 2 ауысымда оқиды.

«Кейінгі жылдары балаларды басқа мектептерге тасымалдау шаруасы жолға қойылды. Бірақ қыста ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдайды. Ауылымызда жаңа мектеп салу мәселесін көп жылдан бері көтеріп келеміз. Халық саны артып келеді, жыл сайын балалар саны да көбейіп жатыр», - деді директордың міндетін атқарушы Құсайын Күренов.

Жергілікті атқарушы билік келер жылға дейін өткір мәселені шешуге уәде берді. Қараталда 120 орындық жаңа мектептің құрылысы басталған. Жазға дейін бітіруге уәде берілген.

«Ең маңызды міндет – ғимараттың шатырын аяқтау. Содан кейін жылуды бастаймыз, қыста барлық әрлеу жұмыстарын жүргіземіз», - деп түсіндірді бригадир Есен Қарманов.

Серіктес жаңалықтары