×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Газа секторындағы ауруханалардың жартысынан көбі жұмысын тоқтатты

12.11.2023, 13:16
Газа секторындағы ауруханалардың жартысынан көбі жұмысын тоқтатты
who.int

Палестинаның денсаулық сақтау министрі Мэй Кайле Израильдің Газа секторындағы шабуылдардың салдарынан жұмыс істеп тұрған 35 аурухананың 20-сы жабылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Al Jazeera телеарнасының мәліметінше, департамент басшысы медициналық мекемелерге жасалған шабуылдарды «жанармай мен медициналық құралдардың жетіспеушілігінен зардап шеккендер саны өсіп жатқандықтан, оларда болғандарды өлтіру шешімі» деп атады.

Алайда белгілі болғандай, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа секторындағы Аль-Шифа ауруханасындағы үйлестірушілерімен байланыса алмай отыр.

Ұйымның бас директоры Тедрос Адханом Гебрейюс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «ДДҰ Газа секторындағы Аль-Шифа ауруханасындағы үйлестірушілерімен ауруханаға бірнеше рет шабуыл жасалғаны туралы жан түршігерлік хабарлар кезінде байланысын үзді», - деп жазды.

Ол ДДҰ Газадағы медицина қызметкерлері мен пациенттердің қауіпсіздігіне алаңдайтынын және «тез арада гуманитарлық атысты тоқтатуға» шақыратынын айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Газа секторында әрбір 10 минут сайын бір бала қайтыс болады деп хабарланған болатын.