×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды

12.11.2023, 14:55

«Қазспецэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Рамазанов 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2023 жылғы 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Рамазанов А-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген Астана сотының хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етуге жатпайды.

Рамазановтың ұсталғаны 10 қарашада белгілі болды.

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, «Қазспецэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен олар бақылайтын заңды тұлғалардың басшылары әскери және әскери-техникалық өнімдерді сатып алу кезінде бағаны көтеру арқылы 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.

Серіктес жаңалықтары