×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Антикор төрағасының экс-орынбасары Қожабаевқа үкім шықты

13.11.2023, 15:28
Wikipedia

Шымкентте Антикор төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевқа үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қожабаевқа қандай айып тағылды

Мақсат Қожабаев 9 қаңтарда сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды.

Үкім

Антикор басшысының бұрынғы орынбасары ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылды (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) және 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс бойынша тағы бір айыпталушы – кәсіпкер Закир Гуламов шенеунікке пара беруге көмектескені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жыл бір ай түрмеде отырады.

Қандай қызметтер атқарды

Мақсат Қожабаев әр жылдары Шымкент, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан), Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы прокуратураларында қызмет етті. 2012-2014 жылдары Қызылорда облысында қаржы полициясының бастығы болды, 2014-2016 жылдары Жамбыл облысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментін басқарды. Кейін Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарындағы Антикор департаменттерін басқарды.

2017-2018 жылдары Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2018 жылдың тамызынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Шымкент қаласының прокуроры болып жұмыс істеді. 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың сәуіріне дейін Антикор басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары