×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Астанада альпинистердің өліміне қатысты күдікті қамауға алынды

14.11.2023, 09:43
фото: ашық дереккөзден

Елордада төрт өнеркәсіптік альпинист биіктіктен құлау оқиғасына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қалалық прокуратураның хабарлауынша,  Полиция департаменті ҚК-тің 277-бабы 3-бөлігі – «Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу» бойынша сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

“Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды. Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 12 қазанда Астанада тұрғын үй кешенінің құрылысында 4 альпинист 9-қабаттан құлап, олардың үшеуі қайтыс болды.

Серіктес жаңалықтары