×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстандағы жаңа жылу орталықтарын санкциядағы путиншіл олигархтардың компаниясы салады

14.11.2023, 12:19
Қазақстандағы жаңа жылу орталықтарын санкциядағы путиншіл олигархтардың компаниясы салады
pixabay.com

9 қарашада қол қойылған меморандум аясында Қазақстанда үш ЖЭО құрылысын Путиннің достары - Борис Ковальчук пен Игорь Сечинге тиесілі ресейлік "Интер РАО" компаниясының еншілес кәсіпорны жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Меморандум

9 қарашада Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде екі елдің энергетика министрлігі Көкшетау, Семей және Өскеменде үш энергетикалық нысан салу туралы меморандумға қол қойды.

"Бұл жобаларды іске асыру халықаралық қаржы институттарының көмір генерациясын құруға қатысудан бас тартуын ескере отырып, біраз қиындықтар туғызады. Қазіргі уақытта ҚР Энергетика министрлігі жоғарыда аталған жобаларды жүзеге асыру үшін "Интер РАО – Экспорт" тұлғасында ресейлік серіктестермен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр", – делінген ҚР Энергетика министрлігінің хабарламасында.

Көкшетаудағы ЖЭО

Электр станциясының мынадай техникалық көрсеткіштері көзделеді: электр қуаты – 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Табиғи газға ауысу мүмкіндігі бар көп отынды шаң-көмір қазандықтарын орнату қарастырылған.

Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) қазір мемлекеттік сараптамада.

"Бұған дейін жеке инвесторларды тарту мақсатында тендер өткізу арқылы Көкшетауда ЖЭО құрылысын іске асыру әрекеттері жүзеге асырылған болатын. Алайда тендерлер (4 қаңтардан 31 қаңтарға дейін және 13 ақпаннан 15 наурызға дейін) өтінімдердің болмауына байланысты өткізілмеді деп танылды", – деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрлігі.

Семейдегі ЖЭО-3

Жоба техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу сатысында тұр. Осыған байланысты жобаның сметалық құны, сондай-ақ оның техникалық параметрлері әлі белгісіз. Бұған дейін Абай облысының әкімдігі жаңа ЖЭО-ның техникалық параметрлері бойынша ұсыныс жолдаған болатын: электр қуаты – 360 МВт-қа дейін, жылу қуаты – 1200 Гкал/сағ. Мемсараптама қорытындысын ала отырып, техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді аяқтау мерзімі – 2023 жылғы желтоқсан.

Өскемендегі ЖЭО-2

Жаңа нысан қаланың сол жағалау бөлігінде салынады, 100% орталықтандыруға және Ертіс өзені арқылы өтетін жылу магистральдарын салумен орташа қысымды жабдықтың шығатын жылу қуатын алмастыру үшін қаланың оң жағалау бөлігіне жылу беруге бағытталады.Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді 2024 жылы жүзеге асыру жоспарлануда.

"Интер РАО"

"Қазақстан аумағындағы жобаларға "Интер РАО – экспорттың" қатысуы қазақстандық тапсырыс берушіге оларды іске асыруға қарыздық коммерциялық қаржыландыруды тартуға жәрдем көрсете отырып, ЕРС-мердігер ретінде (объектіні кешенді жобалауды, салуды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету) жүзеге асырылады", – деп мәлімдеді "Интер РАО".

"Интер РАО" Путиннің достары – олигархтар Борис Ковальчук пен Игорь Сечинге тиесілі. Екеуі де Ресейдің Украинадағы соғысына байланысты халықаралық санкцияларға ұшыраған.

"Интер РАО" бақылауындағы компаниялар халықаралық санкцияларға байланысты бірнеше рет тиімді келісімшарттардан қағылды. Мәселен, тамыз айының соңында американдық General Electric (GE) "Интер РАО"-мен бірге газ турбиналарын өндіруден бас тартты.