×
$
448.44
514.81
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.44
514.81
5.33

Қазақстанның кейбір солтүстік өңірлері жылу беру маусымына дайын емес – үкімет

Бүгін, 11:06
Қазақстанның кейбір солтүстік өңірлері жылу беру маусымына дайын емес – үкімет
Pixabay.com

Еліміздің бір өңірінде тұрғын үйлерге жылу беру басталып кеткен. Алайда кейбір өңірлерде әлі де дайындық жұмыстарына қатысты мәселелер бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Павлодар облысында тұрғын үйлерге жылу беру 14 қыркүйектен басталған.

Министрлік жоспарына сәйкес, солтүстік өңірлердің қалған бөлігінде ауа райына байланысты жылу беру маусымы қазан айының басына дейін басталады.

Сонымен қатар Ерлан Ақкенженовтің сөзінше, бірқатар өңірде жылу беру маусымына дайындық жұмыстары созылып кеткен.

– Алдыңғы аптада Сәтбаев қаласында жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. Қазір желіні шаю және қысыммен сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласындағы жылу магистральдарының дайындық деңгейі – 90%. Барлық жұмыс осы аптаның соңына дейін аяқталады. Семейдегі жылу нысандарында есепті апта ішінде жұмыстар 15%-ға орындалды, ал жоспардың жалпы орындалу көрсеткіші – 70%. Сонымен қатар сорғылар мен жылу алмастырғыштарды жеткізу 26 қыркүйекке ғана жоспарланған. Осыған байланысты өңір әкімдігі жабдықтарды жеткізуді жеделдетуі қажет. Степногорск қаласында өткен аптада жылу магистралін қайта жаңарту жұмыстары 24%-ға орындалды. Желінің жалпы дайындық деңгейі 76%-ды құрайды. Жұмыстарды биылғы 25 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланып отыр, – деді Ерлан Нысанбаев.

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов проблемалы өңірлердің әкімдеріне барлық жөндеу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Ал ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа бұл процесті ерекше бақылауға алу жүктелді.