Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қаражаттың игерілмеуінің неғұрлым ірі сомалары Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Мәдениет және спорт, Әділет, Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасып отыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.
«Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбау, төлем нақты көрсетілген қызметтер көлемі үшін жүргізілген, орындалған жұмыстардың актілерін, шот- фактураларды уақтылы ұсынбау және тағы басқа себепбер», - деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің шығыстары 5,2 трлн теңгені құраған. Оның 64 млрд теңгесі атқарылмаған.
«Биыл өңірлерге 2,5 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. 1 қыркүйекке дейін оларға 1 трлн 358 млрд теңге бөлінді. Оның 98% игерілді. Ең көп игерілмеген сома: Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы, Қызылорда, Түркістан облыстарында қалыптасты», - деді Жамаубаев.