×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

ШҚО-да тұрғын үй мен мектеп маңына сібір жарасымен ауырған мал көмілген

14.11.2023, 16:39
ШҚО-да тұрғын үй мен мектеп маңына сібір жарасымен ауырған мал көмілген
фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да 101 сібір жарасы көмілген орындардың 95-сінде санитарлық-қорғау аймағын сақтау бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 19 көму орындары азаматтық-тұрғын үй құрылыстарына жақын орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, жергілікті атқарушы органдар сібір жарасы көмілген мал қорымдарын санитарлық-қорғау аймағында орналасқан жер учаскелерін әртүрлі мақсаттарға берген, атап айтсақ, учаскелердің көпшілігі ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін (жайылымдар, шабындықтар) берілген.

Мысалы, Тарбағатай ауданында сібір жарасы көмілген жерден 250 метр қашықтықта тұрғын үй орналасқан.

Сондай-ақ, Күршім ауданында сібір жарасы көмілген жерден 650 метр қашықтықта орта мектеп бар екенін атап өткен жөн. Бұл ретте, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, сібір жарасы көмілген мал қорымдары қауіптіліктің I класты объектілеріне жатады, санитариялық-қорғау аймағы кемінде 1000 м болуы тиіс.

“Сондай-ақ, Күршім ауданында 8 сібір жарасы көмілген жерлердің қоршаулары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығының 30-1-тармағының бөлігіне, яғни «сібір жарасынан өлген жануарлардың мәйіттері көмілген жерлер биіктігі кемінде 1,5 метр, адамдар мен жануарлардың кіруіне жол бермейтін қоршаумен (металл немесе бетон) қоршалуы тиіс және белгі түрінде – «сібір жарасы» (аурудың пайда болу күнімен) белгісі болуы тисі» деген талаптарға сәйкес келмейді”, – деп мәлім етті ведомство.

Ал Өскемен қаласындағы кейбір сібір жарасы көмілген жерлерде қоршаулар мүлдем орнатылмаған.

Осылайша, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жерлеу ережелерінің талаптарын өрескел бұзу және Шығыс Қазақстан облысының аумағында ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы тарапынан бақылаудың болмауы туралы қорытынды жасауға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындысы бойынша департамент уәкілетті мемлекеттік органдарға сібір жарасы көмілген жерлерде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныстар берді.

Айта кетейік, бұдан бұрын Оралда тұрғын үйден 15 метр қашықтықта сібір жарасы бар қорым анықталған.