×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстандықтар QR-код көмегімен дәрігерге бара алады

15.11.2023, 07:25
pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, жаңа пилоттық жобаны іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандықтар QR-кодтың көмегімен дәрігерге бара алатын болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, тестілеуге Астана, Алматы және Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдары қатысады.

– QR дәрігерге бару фактісін растау үшін пайдаланылады. Бұл пациент пен денсаулық сақтау маманы арасындағы цифрлық өзара әрекеттесуді орнату шеңберінде қауіпсіздік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Емханаға келген пациент EGOV Mobile мобильді қосымшасының көмегімен дәрігердің кабинетінде ұсынылған QR-кодты сканерлейді және өзінің келгенін растайды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомство QR-код арқылы пациент қажетті ақпаратпен – емхананың және медициналық ақпараттық жүйенің атауымен таныса алатыны, дәрігерге барған күні мен уақытын, дәрігердің тегі мен атын көріп, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетуге өз келісімін бере алатыны аталып өтеді.

– Азаматтың медициналық қызметті алу фактісін растаудың цифрлық құралы білікті көмек көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етуге, пациенттің қаншалықты қанағаттанғанын бағалауға және ең бастысы, пациент дәрігерге іс жүзінде бармаған кезде медициналық ақпараттық жүйелердегі "тіркеулерді" болдырмауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, медициналық мекемелердің өзі бұл жүйені қызмет көрсету сапасын бақылау және сапарларды бақылау үшін қолдана алады, – делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі пилоттық жобаны енгізуге дайындық барысында QR-растау бойынша алдын ала сауалнама нәтижелері ескерілгенін еске салды. Сауалнамаға мыңнан астам пациент пен бірнеше мың дәрігер қатысты. Талдау нәтижелері бойынша пациенттердің шамамен 50%-ы дәрігерге баруды растау үшін QR кодын енгізу идеясына оң көзқараспен қарайтыны және респонденттердің 48%-ы QR-растау арқылы қабылдауын бақылағысы келетіні белгілі болған.

Серіктес жаңалықтары