×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қаңтарда оққа ұшқан Айкөркемнің өліміне байланысты сот: Судья айыпталушыны ақтап шығарды

15.11.2023, 18:10
Қаңтарда оққа ұшқан Айкөркемнің өліміне байланысты сот: Судья айыпталушыны ақтап шығарды
Фото: Ашық дереккөзден

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан төрт жасар Айкөркем Мелдеханның ісі бойынша үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Алматы әскери гарнизонының прокуроры Айдос Ақберген күдікті әскери қызметші Арман Жұманды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Арман Жұман Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы – "Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті асыра пайдалану" бабы бойынша айыпталған.

Күдіктінің қорғаушысы әскери қызметшіні толық ақтауды сұраған болатын.

Бүгін Алматы гарнизоны әскери соты оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне байланысты сотта айыпталушы Арман Жұманды ақтады.

Айкөркемнің әкесі Айдос Мелдеханның айтуынша, сот оны жауапқа тарту жөнінде Қылмыстық кодекстің 119-бабы ("қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша жеке қаулы шығарған. Адвокат Жанғазы Күнсеркин сот үкіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтты. Ол айыпталушы Арман Жұманның қалай ақталғаны әлі белгісіз екенін, жақын арада үкімді қолына алатынын айтқан.

Былтыр Қаңтардағы жаппай наразылық пен дүрбелең кезінде Айдос Мелдеханның балалары отырған көлікке әскери қызметкерлер оқ жаудырған. 16 жастағы қызы жараланып, 4 жастағы Айкөркем оққа ұшқан, 8 жастағы ұлы шошынған.