×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Болат Назарбаевтың Астанадағы Бас мешітте өтіп жатқан асына кімдер келді

18.11.2023, 12:18
Фото: Ulysmedia.kz

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев марқұм інісі Болат Назарбаевтың асын Астанадағы Бас мешітте беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл жайлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді.

"18 қараша күні сағат 13:00-де Республикалық Бас мешітте Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаев қайтыс болғандығына орай ас береді. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысады", – делінген ақпаратта.

Ulysmedia.kz тілшісі асы өтіп жатқан орынға арнайы барып, келген қонақтармен аз-кем тілдесті. Солардың бірі – академик, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековке тілшілер бірнеше сұрақ қойды. 

- Сізді де асқа шақырды ма?

- Иә. 

Нұрсұлтан Назарбаев өткендегі сұхбатта айтқан сөздеріңізге ренжіп қалмапты ма?

- Шындық қой енді. 

- Сол шындықты билік басында отырғаныңызда неге айтпадыңыз?

- Менің кітаптарымды, жазбаларымды оқысаң, көресің. Барлық шындық жазылған, – деп жауап береді Мырзатай Жолдасбеков.

Айта кетейік, Болат Назарбаевтың асына келгендердің қатарында ескі жүйеде билік басында болған Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шөкеев, Қырымбек Көшербаев, Ермұхамет Ертісбаев, Қайрат Мәми, Қайрат Қожамжаров пен Нұртай Әбіқаев, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев және тағы басқалар бар.

Болат Назарбаевтың асы өтетін залға журналистер кіре алған жоқ. Бірінші президенттің баспасөз қызметіненмін деп өзін таныстырған бір азамат “бұл жеке іс-шара екенін”, керек болса кейін іштен қажетті ақпарат, видеоларды жібере алатынын айтты

Бас мешіт алдында көлік көп тұр. Полиция қызметкерлері, күзет қызметкерлері де осында. Жедел жәрдем көлігі де бар.

Серіктес жаңалықтары