×
$
447.14
€
499.54
₽
5.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.14
€
499.54
₽
5.46

Ұлттық пантеонға жерлеу тәртібі өзгерді

Бүгін, 13:43
Ұлттық пантеонға жерлеу тәртібі өзгерді
wikipedia / Bekbal

Астана маңындағы Ұлттық пантеонға жерлеу тәртібі өзгерді. Енді бұл жерде жерленуге құқығы бар адамдардың қатарына бірқатар жаңа мемлекеттік лауазым иелері қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жаңа лауазым иелеріне де орын бар

Өзгерістер Үкіметтің 2020 жылғы 15 сәуірдегі қаулысына енгізілді. Жаңартылған тізімге Қазақстанның вице-президенттері, Құрылтай мен Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары кірді. Бұған дейінгі тізімдегі лауазымдар да сақталған. Олардың қатарында премьер-министрлер, министрлер, жоғары мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдер бар.

Бұдан бөлек, президенттің арнайы шешімімен Қазақстанның басқа азаматтары да Ұлттық пантеонға жерленуі мүмкін. Жерлеу рәсімін марқұмның жұбайы, жақын туыстары немесе заңды өкілінің өтініші негізінде жергілікті әкімдіктер ұйымдастыруы керек.

Ұлттық пантеонда кімдер жерленген?

Ұлттық пантеон Астана маңында, Қабанбай батыр кесенесінің жанында орналасқан. Оның құрылысы туралы жоба 2013 жылы қолға алынған. Алайда ресми ашылуы 2020 жылы болғанымен, алғашқы жерлеу рәсімдері оған дейін өткен.

Мұнда жазушылар Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынова, Мәжілістің бұрынғы төрағасы Орал Мұхамеджанов, экс-бас прокурор Мақсұт Нәрікбаев жерленген. Сондай-ақ жоғары лауазымды шенеуніктердің туыстары да осында жерленген. Олардың арасында Сара Назарбаеваның ағасы Саяхат Қонақай бар.

Пантеон құрылысына мемлекет қомақты қаржы жұмсаған. Алайда нақты шығын көлемі әлі күнге дейін талқыланып келеді.

Сізге қызық болуы мүмкін