×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақша футбол немесе қымбатшылыққа кім жауапты

20.10.2021, 19:31
Қазақша футбол немесе қымбатшылыққа кім жауапты
Фото: Ulysmedia.kz

Сәрсенбі күні ҚР Парламенті Мәжілісінде министрлер кабинеті түгел келіп 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қорғады. Дәстүр бойынша министрлер депутаттардың сұрақтарына, одан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бұл күні ең жиі қойылатын және өткір мәселенің бірі – бағаның өсуі.

Ulysmedia оқырмандарға азық-түлік пен азық-түлік емес тауарларға қатысты өсіп келе жатқан бағаны қашан тұрақтандыруға болатыны туралы сұраққа министрлер мен Ұлттық банк басшысының жауаптарын (немесе қандай сылтау айтқандарын) ұсынады.

ҰЛТТЫҚ БАНК: «БІЗДІҢ ҚАТЫСЫМЫЗ ЖОҚ!»

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, азық -түлік бағасының өсуінің салдарынан республикада инфляция дәлізі сақталмай отыр. Яғни, енді жауапкершілік сауда және ауыл шаруашылығы министрліктерінде.

«Азық-түлік инфляциясы мәселесін шешу төмен инфляция дәлізіне оралу үшін қойылған мақсаттардың жүзеге асуының негізгі факторы деп санаймыз», - дейді Досаев журналистерге.

Оның айтуынша, жағдайды тұрақтандыру, инфляцияны 4-6% деңгейіне қайтару 2022 жылдың екінші жартысында ғана мүмкін болады.

САУДА МИНИСТРІ: ЕШҚАНДАЙ КЕПІЛДІК БЕРМЕЙМІЗ

Журналистер Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың да пікірін сұрады. Ол ұлттық тауар тарату жүйесін құру туралы, қабылданған көптеген шаралар туралы бұрын депутаттарға айтқан нәрсені қайталап айта бастады. Бірақ журналистің «Жаңа жыл қарсаңында бағаның қайта көтерілмеуіне кепілдік бар ма?» деген нақты сұрағына: «Енді... Кім мұндай кепілдік бере алады?» деп жауап берді.

«Азық -түлік бағасын төмендету үшін өнімді өндіру, тұтыну мен тарату арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету қажет», - дейді министр.

Ал осы тепе-теңдікке қашан жететінімізді сұрағанда иығын қиқаң еткізіп, журналистер тұрған жерден жылдам басып кетіп қалды.

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: МҰНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНЕН СҰРАҢЫЗДАР

Ұлттық экономика министрі Әсет Ырғалиев сұхбат басында үкімет бағаны жүйелі түрде ұстап тұру үшін жұмыс жасап жатқанын және инфляцияға қарсы әрекет етудің кешенді жоспары жасалғанын мәлімдеді.

«Кездесулер апта сайын өткізіледі, цифрлық үкімет жұмыс істейді, онда тірі режимде мониторды жүргізетін цифрлық жүйе құрылады», - дейді ол.

Бұл шаралар бағаның тұрақтануына ықпал ете алмайтынын айтқан журналистерге ол назар аудармады.

«Жедел әрекет ету шаралары бар және жүйелі түрде істелетін шаралар бар. Жүйелі түрде істелетін шаралар ұзақ мерзімді жұмыстармен сипатталады. Мысалы, 24 көтерме сауда орталықтарының құрылысын қамтитын ұлттық тауар өткізу жүйесінің құрылысы. Қысқамерзімді шаралармен байланысты мәселелер бар – бұл тұтыну тауарларын сатып алуға қатысты мәселелер. Олардың бағасы әлі өсуде. Бұл тауарлардың қолжетімділігіне менің әріптестерім жаупты, сондықтан ол туралы Ауыл шаруашылығы министрінен сұраған дұрыс», - деді Ұлттық экономика министрі.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ: БӘРІНЕ АУА РАЙЫ КІНӘЛІ

«Ауыр жыл болды... құрғақшылық...», - дейді Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев.

Дегенмен, ол Қазақстанда азық-түлік жеткілікті екеніне тоқталып өтті. Аталған министрлік 2022 жылға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен сұранысы жоғары тауарларды сатып алу туралы меморандумдарға қол қоятын болады.

Сондай-ақ, министр әлеуметтік нанның бағасы өспейтініне уәде берді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі әлеуметтік нан бағасын тежеу бойынша шаралар кешенін әзірледі, әлеуметтік нан бағасын төмендетуге мүмкіндік беретін түзетулер дайындады. Әлеуметтік нан бағасы көтерілмеуі үшін арзан ұн өндіру процесі жүріп жатыр», - дейді ол.