×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Павлодар облысының әкімі тұрғындарды үйден шықпауға шақырды

19.11.2023, 10:44
tipavlo.dar

Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс тұрғындарына үндеу тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Құрметті жерлестер! Қатты жел соғуына байланысты (20 м/с астам) мүмкіндігінше көшеге шықпауларыңызды сұраймын. Облыста түрлі ғимараттардың шатырларын жұлып кету, электр қуатынның өшуі, сондай-ақ ағаштардың құлауы фактілері бар», - деді әкім.

Асайн Байханов төтенше жағдайларды жою күштері мен коммуналдық қызметтер табиғи апаттың салдарын жою үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Біз барлық жұмыстарды мүмкіндігінше жылдам орындаймыз. Сабырлы болуларыңызды сұраймын», - деп қосты әкім.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде штаб құрылды. Сенім телефонының нөмірі +7 7182 32 36 92 немесе 112, сонымен қатар 109 қызмет нөмірі.

Бір күн бұрын Қазақстанның әр өңірінде қатты жел тұрғаны хабарланған болатын. Қарлы боран салдарынан Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарында жолдардың 27 учаскесі жабылды. Бүгінгі таңда барлық бағыттар бойынша маршруттар ашық.

Қарағандыда 18 қарашада төтенше жағдай орын алды: қатты желдің салдарынан шатыр опырылып, тұрғын үйлердің бірінің жанында тұрған көліктердің үстіне құлады. Сондай-ақ желіде Астанадағы қатты желдің салдары туралы кадрлар пайда болды.

Серіктес жаңалықтары