×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

Екібастұз ЖЭО-да дауыл салдарынан қазандықтар тоқтап қалды

19.11.2023, 12:32
Фото: Ашық дереккөз

Кеше түнде дауыл салдарынан Екібастұз жылу электр орталығында қазандықтардың жұмысы тоқтап қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ГРЭС-1-ден қуат алатын негізгі және қосалқы станциялардың тоқтап қалуына байланысты станцияны электрмен жабдықтау үзілді. Жылу электр орталығының негізгі жабдықтарының жұмысы электр қуатын пайдалану арқылы жүзеге асырылатындықтан, стансадағы қазандықтарды мәжбүрлі түрде өшіру орын алды», - деп түсіндірді «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС.

Хабарланғандай, ЖЭО-ны электрмен жабдықтау таңғы сағат 05:15-те қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта станция жұмыс істеп тұр, бірақ жылумен қамтамасыз ету параметрлері жақын арада тұрақтануы керек.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12.00-де №7 қазандық жұмыс істеп, №14 қазандықты жағу жұмыстары жүргізілуде, №11 және 15 қазандықтар от жағуға дайындалуда. Жылу желісінің температурасы 70/53 нормада 40/40 С.

Бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр алдағы қыс қарсаңында Екібастұз ЖЭО толығымен ретке келтірілгенін айтқан болатын. Ол үшін бюджеттен 8,2 миллиард теңге бөлініп, бес ыстық су қазандығын коммуналдық меншікке алу қажет болды. Бұл Екібастұздың алдағы жылыту маусымында қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.

Серіктес жаңалықтары