×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Экс-министр Өскенбаевтың бұйрығы кесірінен 6 мың тасымалдаушының жұмысы қиындаған

20.11.2023, 09:44
Экс-министр Өскенбаевтың бұйрығы кесірінен 6 мың тасымалдаушының жұмысы қиындаған
Фото: Ашық дереккөзден

Бұйрықтағы жаңа ережелер кәсіпкерлердің жұмысына қалай әсер ететіні алдын ала талданбай қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас көлік прокуратурасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 13 желтоқсандағы бұйрығы зерделенгенін, оған халықаралық автомобиль тасымалдарын реттеу саласындағы актілерге түзетулер енгізілгенін хабарлады.

Ол кезде министр қызметін Қайырбек Өскенбаев атқарған.

– Өзгерістер тасымалдарды жүзеге асыруға рұқсат алу, автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының қолдану мерзімдері бойынша талаптарды күшейтті. Жалпы алғанда 6 мыңға жуық отандық тасымалдаушының жағдайын нашарлататын жағдайлар жасады. Бұл – министрліктің бұйрықты құқықтық инновациялардың халықаралық тасымалдаушылар мәртебесіне түсетін кәсіпкерлердің қызметіне қалай әсер ететінін міндетті түрде алдын ала талдаусыз қабылдағанының салдары, - деп хабарлады прокуратура.

Осыған байланысты жаңа көлік министрлігінің алдына осы мәселені реттеу міндеті қойылды.

Хабарламада айтылғандай, бұйрықтан артық құжаттар мен тасымалдаушылар ұсынатын мәліметтерді алып тастауды көздейтін жаңа түзетулер әзірленген.

Қайырбек Өскенбаев 2022 жылдың 11 қаңтарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды. Ол бір жылға жуық жұмыс істеді. 2023 жылдың 4 қаңтарында қызметінен кетті.

2023 жылдың қыркүйегінде Көлік және өнеркәсіп министрлігі құрылды. Оны Қайрат Шарлапаев басқарады.