×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

"Қолдарыңа ие болыңдар": Ұлттық комиссия мүшесі Қазақстандағы харассмент жайлы

20.11.2023, 11:25
Коллаж Ulysmedia.kz

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Тоғжан Қожалы харассмент, орынсыз қырындау жайлы айтып, еліміздегі ер адамдарға жүгінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоғжан Қожаланың айтуынша, кейбір ер адамдар әйелдерге келгенде "еркінсіп кеткені" соншалық, олар шындығында өз әрекеттерін жөнсіз деп санамайды.

"Әйелдерге қатысты белді құшақтау, бөксені ұру, ернінен сүйюге тырысу сынды әрекеттер, — мұның бәрі орынсыз.

Қымбатты қолы ұзын азаматтар, мен сіздерге мына бір "құпияны" ашайын. Әлемде бұл “харассмент” деп аталады. Сол үшін шынымен қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартып, сондай-ақ ашық түрде жазалайды. Сондықтан ер азаматтар қолды, көзді, орынсыз ойларды тыю керек. Әйел рұқсатынсыз жағымсыз сөздермен, әркеттермен жыныстық тұрғыда құқығын таптауға болмайды", - деді ол.

Тоғжан Қожалы - қоғам қайраткері, HAQ қайырымдылық қорының негізін қалаушы.

Еске сала кетейік, бұған дейін белгілі қазақстандық блогер жұмыста харассмент жасады деп айыпталған болатын.

Осы аптада Мәжіліс депутаттары Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізуді жоспарлап отыр. Мәжілісте бұл мәселелер түзетулер енгізілген кезде талқыланатынын атап өтіп, орынсыз қырындау үшін қандай нақты жаза енгізілетінін нақтылаған жоқ.

БҰҰ зерттеуінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы әйелдердің 57 пайызы жұмыс орнында орынсыз қырындауға тап болған.

Қазақстан осы күнге дейін "Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен қудалауды жою туралы" халықаралық конвенцияны ратификациялаған жоқ. Ол көптеген елдің заң шығарушылары үшін харассменттің мәнін және оған қарсы іс-қимылдың заңды тәсілдерін анықтауда бағдар болып табылады.

Серіктес жаңалықтары