Израиль үкіметі мен ХАМАС бірнеше сағаттық келіссөзден кейін 7 қазанда кепілге алынған израильдік тұтқындардың бір бөлігін босату, әскери қимылдарын тоқтату және жауап ретінде палестиналық тұтқындардың бір бөлігін Израиль түрмелерінен босату туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Келісімнің мәні
Кейбір мәліметтер бойынша, жоспарға сәйкес, атыс тоқтатылатын 4 күнде ХАМАС "кепілге алынған 30 баланы, 8 ананы және тағы 12 әйелді" босатады.
Алғашқы тұтқындар 23 қарашада босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп болжануда. Күніне шамамен 12 тұтқын жіберіледі.
Заң бойынша, жұртшылық белгілі бір адамды босатуы үшін өтініш беруге 24 сағат уақыт кетеді.
ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс
Палестина ХАМАС қозғалысының содырлары 7 қазанда Израильге шабуыл жасап, 1200-ден астам адамды өлтіріп, 240-қа жуық адамды кепілге алды. Израиль қорғаныс армиясы шабуылға жауап ретінде Газа секторына әуе шабуылдарын, содан жердегі операцияны бастады. Палестина тарапының мәліметі бойынша, Газа секторында 7 қазаннан бастап 11 мыңнан астам адам қаза тапқан.