×
449.96
487.67
4.86
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.96
487.67
4.86

Бишімбаев ісі: Қазақстанда саясаткерлердің психологиялық денсаулығы тексерілмейді

22.11.2023, 18:04
Фото: Ашық дереккөзден

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Агенттік басшысының орынбасары Салауат Мұқсымов қарапайым мемлекеттік қызметшілерді психологиялық/психикалық жай-күйі тексерілгенімен, саяси мемлекеттік қызметшілердің психологиялық жай-күйі неге тексерілмейді деген сұраққа жауап берді.

–  Мұнда бұл ережелер қолданылмайды. Саяси мемлекеттік қызметшілер – бұл әкімшілік мемлекеттік қызметші ретінде үлкен тәжірибеге ие ел азаматтары, – деді ол.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Қылмыстық іске президент Қасым-Жомарт Тоқаев та назар аударып, істі ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Серіктес жаңалықтары