×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бишімбаев ісі: Тоқаев ІІМ басшылығына тапсырма берді

15.11.2023, 11:20
Коллаж

Президент заң бәріне бірдей болуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ержан Сәйденовпен, бас прокурор Берік Асыловпен, Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевпен кездесулер өткізді.

Резонантық іс

Жақында елордалық мейрамханалардың бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанстық оқиғаны Президент ІІМ басшылығына ерекше бақылауға алуды тапсырды.

«Заң бәріне бірдей болуы керек. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында күш біріктірсе ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп орнаған ел», – деді Тоқаев.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Сонымен қатар Президент заң мен тәртіп қазақстандық қоғамның өзіндік идеологиялық және саяси темірқазығына айналуы тиіс екенін атап өтті.

"Көшедегі мәдениетсіздіктен бастап, ұрлық пен кісі өлтіруге дейінгі барлық құқық бұзушылық елді жарға жығады. Мұндай жағымсыз үрдіске бүкіл қоғам қарсы тұруы керек. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық - зомбылық фактілерінің алдын алу керек. Әр азамат елінің заңын құрметтесе, береке-бірлік те, бақуатты тұрмыс та болады ", - деді президент.

Президент Құқық қорғау органдары мен сот органдарының қызметкерлеріне қоғамдағы әділеттілік пен тәртіпті орнату үшін үлкен жауапкершілік жүктелгенін атап өтті.

 

Директордың ұсталуы 

Бұдан бұрын Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен ұсталған "Гастро-орталық" директоры екі айға қамауға алынғаны белгілі болды.

Еске салайық, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен қамауға алынды.

Қайтыс болған Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов "Бишімбаевты ақтауға тырысқан" блогерлерді айыптай сөйлеп, экс-министрді туыстары ешқашан кешірмейтінін мәлімдеді.

Марқұм жайлы не белгілі

Қуандық Бишімбаевтың әйелі – 1992 жылы туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызы. Ол – бұрынғы министрдің екінші әйелі.

Келіншек астрологиямен айналысып, желіде жеке блогын жүргізген. Оның парақшасында көрсетілгендей мәліметке сүйенсек, консультацияларының құны шамамен 80 мың теңгені құраған.

Жемқорлық үшін 10 жыл

Қуандық Бишімбаев 2017 жылға дейін жоғары лауазымды қызметтер атқарған.

2009-2010 жылдары Президент Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарған. Одан кейін Сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, "Самұрық-Қазына" қоры басқарма төрағасының орынбасары болды. 2013-2016 жылдар аралығында "Бәйтерек" АҚ басқарма төрағасы, 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

2017 жылдың 10 қаңтарында Бишімбаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін ұсталды. 2018 жылдың 14 наурызында ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың 25 қыркүйегінде бұрынғы шенеунік рақымшылыққа ілініп, бостандыққа шықты.

Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін заңгер Анна Димитриевич (Чернова) ел президентінен еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа рақымшылық жасау туралы жарлығын қайта қарауды сұрады.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары