×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Зейнеткерлер ақшасы: Премьер-министр БЖЗҚ-дан 1,5 триллион теңге алу жоспарын растады

23.11.2023, 13:45
Зейнеткерлер ақшасы: Премьер-министр БЖЗҚ-дан 1,5 триллион теңге алу жоспарын растады
Коллаж Ulysmedia

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімет еліміздің энергетикалық нысандарын жаңғыртуға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 1,5 триллион теңге алуды жоспарлап отырғанын растады. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Алайда ол «зейнеткерлердің қалтасына түсу» деген тұжырымды дұрыс емес деп есептейді.

– Зейнетақы қорының міндеті – қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету және инвесторлардың активтерін арттыру. Ал бұл қаражатты кез келген кіріс әкелетін құралдарға салу арқылы ғана инвесторлардың активтерін арттыруға болады. (...) Үкімет қазір индустрияландыру және инфрақұрылым саласындағы қаржыландыруды қажет ететін ірі жобаларды қарастыруда. Біз әртүрлі қаржыландыру көздерін, соның ішінде зейнетақы қорындағы қаражатты қарастырып жатырмыз, – деді Смайылов бейсенбі күні Сенат отырысында журналистерге.

Оның айтуынша, бұл мәселе негізінен министрлер кабинетінде қолдау тапқан.

– Біз бұл мәселелерді экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияда қарадық және тұтастай алғанда бұл мәселелер қолдау тапты. Қазір біз Ұлттық банкпен бірлесіп, осы мәселелермен айналысып жатырмыз», – деді премьер-министр.

Премьер-министр бұл қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етуге де уәде берді.

«Егер мемлекет қарыз алатын болса, бұл қаражатты республикалық бюджет есебінен, квазимемлекеттік сектор есебінен өз қарыздары бойынша өтеуді қамтамасыз етуі тиіс», – деді ол.

Оралхан ҚОЖАНОВ