Десе де, Абай облысының басшысы техниканың шіріп, бұзылуы да мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейде қыста жылы болатынына кепілдік береді.
– Жоспарлағанымыздай, 12-15 қазан аралығында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бәрі жылуға қосылды. Әрине, біз толық "жауынгерлік дайындыққа" жету үшін жүрміз. Бірақ мен тағы да қайталаймын, бұл темір, ол сынуы мүмкін, тот басуы, тағы бір нәрсе болуы мүмкін. Бірақ, әрине, бұған жол бере алмаймыз. Жылумен болатынымызға кепілдік беремін, - деді ол.
Әкім жылумен жабдықтау мәселесі Семей үшін басты мәселе екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 9 қарашада қол қойылған меморандум аясында Ресей Қазақстанға жылу электр орталығын салып беруге уағдаласқан еді.