24 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден бастап Хамас содырлары мен Израиль арасындағы Газа секторында гуманитарлық бітім жоспарланған. Соғыс қимылдарындағы төрт күндік үзіліс кепілге алынған адамдармен алмасуды бастауға және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бітім төрт күнге созылады. Осы аралықта кепілге алынған 239 израильдіктерден 50 әйел мен балаларды 150 палестиналық жасөспірімдер мен әйелдерге айырбастау жоспарлануда. Сонымен қатар Мысырдан Газаға гуманитарлық көмек тиелген 300-ге дейін жүк көлігі кіре алады.
Анықталғандай, бірінші күні кепілге алынған израильдік 13 адамды босату жоспарлануда. Бұл туралы Катар СІМ ресми өкілі Маджид Әл-Ансари хабарлады.
- Газа секторындағы барлық тараппен және келісім бойынша ара бітістірушілермен байланыс тоқтатылды. Босатылатындардың тізімі берілді. Бітім жергілікті уақыт бойынша 7:00-де күшіне енеді. Кепілге алынған азаматтық тұлғалардың бірінші партиясы ертең, жұма күні сағат 16:00 шамасында жіберіледі. Босатылатындардың алғашқы қатарында 13 әйел мен балалар бар, - деді дипломат.
"Хамас" тобы кепілдегі тағы он адамды босатқаны үшін әскери қимылдар тағы бір күнге тоқтатылады.
Бұған дейін Израиль билігі мен ХАМАС өкілдері кепілге алу процесі 23 қарашада басталады деп мәлімдеген еді.