Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айлық мөлшері қанша екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әкімнің сөзінше, Жетісу облысындағы орташа жалақы – 250 мың теңге, ал республикадағы көрсеткіш – 350 мың теңге.
– Әрине, (өзім қажетіме) жетеді. Сыйақы үнемі берілмейді. Мен қолыма 1,8-1,9 млн теңге аламын. Себебі, мен мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілім жоғары. 30 жыл мемлекеттік қызметте жүрмін, – деді Исабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.