×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Демалыс күндері теңге тағы әлсіреді: 25-27 қарашадағы валюта бағамы

25.11.2023, 12:44
Фото: Ulysmedia.kz

ҚР Ұлттық банкі 25-27 қараша аралығындағы шетел валюталарының ресми бағамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бір күн бұрын, яғни 24 қарашада сауда-саттық ашылған сәттен бастап және күні бойы теңге барлық шетел валюталарына қатысты қайтадан әлсіреді. Ал демалыс күндері америкалық доллар 463,09 теңгеге бағаланды, бұл өткен аптадағыдан 0,3 теңгеге жоғары.

Еуро да айтарлықтай нығайды, алдағы үш күндегі бағам 504,86 теңгені құрап, өткен демалыстағыдан 2,69 теңгеге жоғары болды.

Ресей валютасын 5,21 теңгеге сатып алуға болады. Мұнда өткен аптадан бері өсім 0,01 теңге болды, өйткені рубльдің өзі соңғы проблемалық айлармен салыстырғанда қазір айтарлықтай бірқалыпты. Валюта бағамы 2023 жылдың маусым айының аяғындағы деңгейге қайта оралды.

Ал юань бағамы – 64,73 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 15,75%-ға дейін тағы да төмендеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары