Қазақстандық спортшы Жанна Қасқынова аралас жекпе-жектен (ММА) жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Албанияның астанасы Тиранада аралас жекпе-жектен жастар арасындағы біріншілік турнирі өтті.
“Шешуші кездесуде Жанна Оңтүстік Африка елінің спортшысы Женевьев Туссонды гильотинді дроссель арқылы жеңді”, - деп жазды Қазақстанның ММА федерациясы.
Қазақстанның тағы бір өкілі Динара Аяпова украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдеге қол жеткізді.