×
$
441.89
€
502.56
₽
5.19
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.89
€
502.56
₽
5.19

Каспийде 252 адам екі әскери қызметшіні іздеп жатыр

Бүгін, 09:27
Каспийде 252 адам екі әскери қызметшіні іздеп жатыр
Қорға

Каспий теңізінде екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Іздестіру-құтқару операциясына 252 әскери қызметші мен қызметкер жұмылдырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Тағы 37 әскери сүңгуір, 34 арнайы техника, 14 кеме мен катер және 20-дан астам әуе кемесі, оның ішінде төрт тікұшақ тартылған.

Ведомстволардың күштері теңіз акваториясын, жағалау мен оған іргелес аумақтарды әуеден үздіксіз бақылап жатыр.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Соның салдарынан әскери қызметшілердің бір тобы теңізге батып кеткен.

Нақтылаған мәлімет бойынша, суға 17 адам түскен. Оның 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия қайғылы жағдайдың себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен үкіметтік комиссия құрылды.

Кейінірек Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің аты-жөні жарияланды. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан чемпионатының жүлдегері болған.