×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Канар аралдарында Қазақстанның құрметті консулдығы ашылды

26.11.2023, 11:55
gov.kz

Қазақстанның Испаниядағы Елшісі Данат Мұсаев Канар аралдарының автономиялық бірлестігіне жұмыс сапарымен барып, Қазақстанның Құрметті консулдығының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның аймақтағы өкілдігін Атлантикалық саясат институтының халықаралық сауда және экономика профессоры Рафаэль Хуан Молина Пети басқарады, ол бұған дейін Канар аралдарында Экономика министрлігі мен Индустрия, сауда және туризм министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған.

Рәсімге қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мұсаев Корольдіктегі құрметті консулдар институтының географиясын кеңейту Қазақстан-Испания ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететінін, сондай-ақ елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық сипатын растайтынын атап өтті.

Құрметті консул ең алдымен аймақ пен Қазақстан арасындағы экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуда маңызды рөл атқарады. Қызметінің басым бағыты Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Испания азаматтары асырап алған қазақстандық балалармен байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінетін болады.

Бүгінде Испанияның әртүрлі аймақтарында Қазақстанның төрт құрметті консулдығы бар.

Құрметті консулдық – өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiне жатпайтын, оның атынан және келiсiмiмен консулдық қызметтiң кейбiр функцияларын, соның iшiнде консулдық қызметiн қорғауды жүзеге асыратын, құрметтi (штаттан тыс) консул басқаратын мекеме. 

Серіктес жаңалықтары