×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Абылай Мырзахметовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

27.11.2023, 15:01
Абылай Мырзахметовты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Коллаж Ulysmedia

Тиісті өтініш елорданың тергеу сотында қанағаттандырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана сотында осыдан бір ай бұрын 31 қазанда күдікті Мырзахметовке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын 2023 жылдың 10 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция берілгені хабарланған еді.

Бұдан бұрын "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтің соты басталғаны хабарланған болатын.

Тергеу нәтижесінде Әлтаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқара отырып, 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін "Атамекен" ҰКП басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтен жалпы қамқорлық жасағаны және "Атамекен" ҰКП мүддесін лоббилеу үшін делдал арқылы пара ретінде 115 мың доллар және 8 млн 150 мың теңге алғаны дәлелденді.

Еске сала кетейік, Мырзахметовтың ұсталғаны туралы 2023 жылдың 10 мамырында белгілі болды. Ол бірнеше күннен кейін қамауға алынып, түрмеге жіберілді. 

Абылай Мырзахметов 2022 жылғы ақпанда "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының өкілеттігін өзіне қалдырды.

Ол бұған дейін ҚР Президенті жанындағы экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі болған.

Сондай-ақ, "Қазақстан Темір Жолы" РМК бас директорының м.а. және "Самұрық-Қазына"қоры жанындағы қоғамдық-консультативтік кеңестің жауапты хатшысы болған.