×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Астана әуежайы неге арабтарға берілді

28.11.2023, 10:35
Астана әуежайы неге арабтарға берілді
Фото: Ашық дереккөзден

Көлік министрі Марат Қарабаев Астана әуежайының араб инвесторларына берілуі нысанды жаңа деңгейге шығарады деп мәлім етті. Үкіметтің баспасөз орталығында журналистер халықаралық әуежай не себепті араб инвесторларына берілгенін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана әуежайынан бұрын Алматыдағы әуежайды алып қарайықшы (шетел инвесторына берілген). 2024 жылдың маусым айында ол жерде мүлде жаңа кешен болады», - дейді Қарабаев.

Министр Астана әуежайына Abu Dhabi International Airport компаниялар тобына кіретін компания алып жатқанын хабарлайды.

– Оларда ірі бүкіл әлемдегі ірі халықаралық әуежайлар кіретін жаңа бағыттар бар. Сіздер Abu Dhabi Airport ұшағымен ұшқан шығарсыздар? Әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі, жолаушылар тасымалы 28 млн адамнан асатып, менеджменті өте жоғары – осының бәрі Астанада дамиды. Жаңа басқарушы компаниялардың келуімен сервис пен менеджменттің мүлде жаңа деңгейі біздіңелге көшеді. Бұл өте маңызды. Шетел инвесторын шақырған кезде біз олардың алдына нақты міндеттерді қоямыз, - дейді ол.

Қазақстан билігі шетелдік инвесторға ұшу-қону жолағын толығымен жаңартуды міндеттемек. Сол арқылы республикалық бюджетке түсетін салмақ азаяды дейді Қарабаев.

– Олар аэровокзалды кешенді де жөндейді. Үшіншіден, бұл жерде үлкен аэрохаб құрылады. Онда үлкен жүктің бәрі бір орныда шоғырланып, әуежай маңында жаңа жұмыс орындары көбейеді. Араб инвесторларымен талқылап жатқан шаруамыздың бірі осы. Олар «әуежай маңында мүлде жаңа менеджментті қалыптастырайық» деп отыр. Оған үлкен қоймалар, жаңа қонақ үй кешендері, әуежай қызметкерлеріне арналған жеке аумақ енеді. Шынтуайтында, жаңа инвестордың келуімен шағын қозғалыс орталығы іске қосылады. Әуежайды жаңа деңгейге шығарамыз, - дейді Қарабаев.