×
499.51
525.83
4.62
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.51
525.83
4.62

Қазақстанда қандай көлік нөмірлеріне тыйым салынды

28.11.2023, 16:05
Қазақстанда қандай көлік нөмірлеріне тыйым салынды
Коллаж Ulysmedia

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы "сөйлеу мәдениетіне жат" болғандықтан алып тасталынған мемлекеттік тіркеу белгілері қатарын көрсетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, кейбір әріп тіркестерін алып тастау туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған.

"Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды", – делінген ресми жауапта.

Ұсынылған тізімде барлығы 106 әріп комбинациясы бар. Олар мынадай: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.