×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақстан Израильді даулы аумақтардан шығуға шақыратын қарарға дауыс берді

29.11.2023, 10:17
Euronews

Резолюция авторлары Израильден басып алынған аумақтардан шығуды талап етеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҰҰ Бас ассамблеясы Израильді Голан шыңынан шығуға шақыратын қарар қабылдады.

Резолюция авторы ретінде Корей Халық Демократиялық Республикасы, Кувейт, Ливан, Мавритания, Алжир, Венесуэла, Египет, Иордания, Йемен, Катар, Сирия Араб Республикасы және Тунис танылды.

Сессия барысында қарардың қабылдануына 91 мемлекет дауыс берді, оның ішінде Қазақстан да бар. Сегіз ел қарсы дауыс берді, тағы 62 ел қалыс қалды.

Голан шыңдары шамамен 1800 шаршы шақырымды аумақты құрайды. 1967 жылғы соғысқа дейін Сирияның құрамында болған. Соғыс барысында Израиль биіктіктерді бақылауға алып, кейін Голанды еврей мемлекетінің құрамына заңды түрде енгізетін заңнаманы қабылдады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл қадамды айыптаған еді.

Голан жоталарында 40 мыңға жуық адам тұрады. Жартысына жуығы еврей қоныстанушылары, қалғандары друздар және аздаған алауиттер. Друздар араб халықтарына жатады және исламның бір тармағын ұстанады.

Сирия әлі күнге дейін Голан жоталарын өз шекарасы деп санайды және оны қайтару Израильмен бейбіт келісімге қол қоюдың ең маңызды шарты болып табылады.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары