×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

«Артспорт» мәселесі: Ақмола облысында бюджеттің миллиондаған қаржысы ұрланған

29.11.2023, 15:41
Коллаж Ulysmedia

Ақмола облысының прокуратурасы «АртСпорт» бағдарламасын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін  тексеру нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бағдарламаны бюджет қаражатын жымқыру үшін пайдаланғаны белгілі болды. Тексеру барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, «өлі жандарды» рәсімдеу фактілерін анықтады.

Ерейментау

Ерейментау қаласында кәсіпкер үстел теннисі және шахмат бойынша секциялар, сондай-ақ домбыра мен би үйірмелерін ашқан. Сонымен қатар домбыра және шахмат ойыны бойынша сабақтар іс жүзінде өткізілмеген, ал қалған үйірмелерге қатысатын балалардың саны асыра көрсетілген. Ұрланған бюджет қаражатының жалпы сомасы 6 млн. теңгені құраған.

Прокуратура осы факт бойынша қылмыстық істі тіркеп, ол кейіннен сотқа жолданған.

Кәсіпкер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды.

Көкшетау

Тағы бір мысал, Көкшетау қаласының кәсіпкерлерінің бірі волейбол және үстел теннисі секцияларын тіркеді. Екі секцияда да бірдей балалар болды, ал іс жүзінде олар тек волейболға барды, теннис сабақтары өткізілмеді, бірақ кәсіпкер бюджет ақшасын алғаны туралы табель толтырған. 6 ай ішінде ол 1 млн.теңгеден астам иемдеген.

Қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылып, залал өтелген. Осы кәсіпкермен шарт бұзған.

Қылмыстық істер

Прокуратура тексеру нәтижелері бойынша алаяқтық фактілерімен осындай жосықсыз кәсіпкерлерге қатысты барлығы 5 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 16 млн.теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта барлық істер бойынша тергеуі аяқталып, 3 айыптау үкімі шығарылып отыр. Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелген.

«Арт Спорт»

Биліктің айтуынша, бұл бағдарлама балаларға  спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы ашылған. Нысанды жалға алу бойынша жеткізушілердің және тренерлердің жалақысын,барлық шығынды мемлекет төлейді.

Серіктес жаңалықтары