×
$
452.91
€
509.43
₽
5.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.91
€
509.43
₽
5.53

Қазақстандық актер Голливудтың жаңа бөлімінде бой көрсетті

Бүгін, 18:56
Қазақстандық актер Голливудтың жаңа бөлімінде бой көрсетті
әлеуметтік желі

Астаналық 23 жастағы актер Диас Қалдыбеков Голливудтың «Аштық ойындары: Егін орағының таңы» (The Hunger Games: Sunrise on the Reaping) фильмінде түсті. Қазақстандық актерге Англер есімді кейіпкердің рөлі бұйырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Диас Қалдыбеков туралы

Диас Астанада дүниеге келген. Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде хор дирижері мамандығы бойынша білім алған. Кейін Германияға көшіп, актерлік мансабын дамытуға кіріскен.

Masa Media басылымының жазуынша, қазір актер Берлинде тұрады және MABO Agency неміс агенттігімен жұмыс істейді. Бұған дейін ол Еуропаның бірнеше жобасына, соның ішінде Bitten Soon және Alien Husband қысқаметражды фильмдеріне түскен.

«Аштық ойындарының» жаңа бөлімі

«Егін орағының таңы» фильмі америкалық жазушы Сьюзен Коллинздің романы бойынша түсірілген. Оқиға Китнисс Эвердиннің хикаясынан 24 жыл бұрын өрбиді.

Фильмнің басты кейіпкері – жас Хеймитч Эбернети. Кейін ол Китнисстің тәлімгеріне айналады.

Картинаның премьерасы 2026 жылғы 19 қарашаға жоспарланған.