×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Бітім жалғасады: Израиль қорғаныс армиясы мен ХАМАС мәлімдеме жасады

30.11.2023, 10:38
коллаж

Екіжақты келіссөз жүріп жатыр, бітім жалғасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Израиль қорғаныс күштері кепілге алынған келесі топты босату туралы ХАМАС содырларымен келіссөздер жалғасуда деп мәлімдеді. Сондықтан әскери қимылдар тоқтап тұр. 

Бітімді ұзарту туралы ХАМАС тобы да хабарлады.

Еске сала кетейік, 24 қарашада сағат 07:00-ден бастап жергілікті уақыт бойынша Хамас содырлары және Израиль арасында Газа секторында гуманитарлық бітім жарияланды. Соғыс қимылдарындағы алты күндік үзіліс кепілге алынған адамдарды босатуға және Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізуге мүмкіндік берді.

Хамас Израильмен жасалған бітім аясында барлығы 60 тұтқынды босатты. Соңғы кепілге алынған топ босатылғанға дейін Израиль үкіметінің өкілі Элан Леви ХАМАС тұтқынында 161 адам қалғанын мәлімдеді. Оның ішінде146 израильдік және 15 шетелдік бар.

Серіктес жаңалықтары